Қ А Й Ы Р Ы М Д Ы Л Ы Қ     Ш А Р А Л А Р Ы

Қайырымдылық адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, сүйіспеншілігі мен көмегі.

Мектебімізде тәрбие тұжырымдамасының қай бағыты болмасын жоспарланған жұмыстарды үштік одақ –  бірлесе отырып  атқаруға тырысамыз. Осы орайда, жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік және ұлттық  құндылықтарымызды дарыту мақсатында жасалған жұмыстар оқушылар мен ата-аналар тарапынан қолдау тауып, өз жемісін беруде. Оқушылардың бойына адамгершілік, ізгілік, үлкенге құрмет, әлсізге қамқор, кішіпейілділік сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында мектебімізде сынып жетекшілер байқауының үшінші кезеңі «Жақсылық жасап жарысайық!» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған болатын. Аталған шараға мектебіміздің 17  сынып  сынып жетекшісі және 300-ге жуық оқушы мен  ата-ана қатысып, қайырымдылық жасауға өз үлестерін қосты.

  • 1. 10 «Ғ»  Азырова Анара Бериковна
  • 2. 6 «Ғ» Кенжеева Дана Коблановна
  • 3. 8 «Ғ» Бақбергенұлы Әділжан
  • 4. 10 «В» Досхожа Лаура Алимұсақызы
  • 5. 2 «А» Шобдарбаева Нургул Қаниқызы
  • 6. 4 «Е» Тағаева Торғын Дуйсенбайқызы
  • 7. 2 «Ғ» Табышова Гульдана Бакытбергеновна
  • 8. 3 «Ғ» Асылбекова Рауза Асылбекқызы
  • 9. 2 «З» Әбдібек Сандуғаш Ғалымжанқызы
  • 10. 2 «Е» Тулепова Айгүл Ақылбекқызы
  • 11. 6 «Г» Жошиева Самал Кулжангожаевна
  • 12. 9 «В» Куртекова Рза Нурбулатовна
  • 13. 5 «Б» Атаева Махаббат Нурхановна
  • 14. 7 “Ә” Өтебай Жаңылсын Хамбарқызы
  • 15.  9 «Б» Байбулова Акнур Нурлановна
  • 16.  2 «Г» Санкубаева Мира Алматовна
  • 17. 2 «Ж» Игилманова Венера Жакановна

Мектеп оқушылары мен ата-аналары акция барысында «Үміт» сәбилер үйі, қарттар үйі, №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Қазақ зағиптар  қоғамы мәдениет үйі,  қаламыздың көреюіне үлес қосып жүрген көше тазалаушыларына, ауыр сырқатпен ауырып жатқан дәрменсіз жандардың отбасына және өз мектебі ауласының тазалығына, құстарға ұя жасап, үлес қосып, жәрмеңке жасап, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіп, ізгі іс жасады.  Осындай ізгілікке толы іс-шаралар оқушыларды үлкен өмірге саналы, өресі биік, нағыз ел патриоты болып өсетін адамгершілігі мол ұрпақ болып қалыптасулана жол ашады.

Акция аясында 15-ке жуық көп балалы, аз қамтылған отбасыларына азық-түлік, тәттілер, киімдер, сырт киімдер, ойыншықтар, кітаптар, оқу құралдары апарып берілді.