ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ…

1 қазан – Қарттар күніне орай “Білім” мектеп-гимназиясында тағылымы мол, жүрекке жылулық сыйлаған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Бұл күні оқушылар қарттарымызға құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Өнегелі өмірдің өрнегін айшықтап, ұрпаққа үлгі болған қарияларымыз – ел қазынасы, дана шежіре, рухани байлықтың иесі.
Немерелер – болашақтың шамшырағы, ал ата-әжелер – сол шамшыраққа бағыт беретін жарық нұр.
Ұрпақ сабақтастығы үзілмей, қазыналы қарияларымыз аман болсын!
Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар мен үлкенге құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараны 8-сынып жетекшілері өткізді.



