ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ – АРДАҚТЫ ЕЛ

ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары 1 қазан – Қарттар күніне орай “Қарттарын қадірлеген ел – ардақты” ұранымен Қарттар үйіне барып, қарттарды мерекемен құттықтап қайтты.
Шара барысында оқушылар жылы лебіздерін білдіріп, ардақты қарияларымызға сый-сияпаттарын табыстады. Қарттар өз кезегінде ақ баталарын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қарттарды құрметтеу, жас ұрпаққа үлкенді сыйлау, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеу болып табылады.
Осындай тағылымды кездесулер жас буынның бойында ізгілік, мейірім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырып, рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайта түседі.