ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың және білім алушылардың сабақтан тыс уақыттарда шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;

Міндеттері: Оқу бағдарламаларын іске асыруға, сапалы құрастыруға және орындауға жауапкершілік арту. Әр оқушының бейімділігін, қызығушылығы мен мүмкіндігін ескере отырып, дамуын қамтамасыз ететін білім жүйесін қамтамасыз ету;

            Оқушылардың сабақтан алған білімін нақтылап, дамыта оқытудың бірден-бір жолы үйірме жұмыстары.

Жалпы орта білім беретін «Білім» мектеп-гимназиясында 1-11 класс оқушылары үшін төрт түрлі бағытта тілдік, шығармашылық, интеллектуалды және спорттық үйірме жұмыстары жүргізілді. 

Аталған бағыттар бойынша мектебімізде 32 үйірме кесте бойынша уақытылы өткізілді.

Тілдік бағыттар бойынша: ағылшын тілі, түрік тілі;

Шығармашылық бағыттар бойынша: вокал, гитара, домбыра, үрмелі аспап, синтезатор, бейнелеу өнері, хореография, заманауи би, «Ракета» медиа продакшн, лезгинка,  хор;

Интеллектуалдық  бағыттар бойынша: дебат, менталды арифметика, робототехника;

Спорттық бағыттар бойынша: футбол, шахмат, баскетбол, волейбол, күрес, бокс,  қол күресі, гир тасын көтеру, асық ойыны, бес тас, жеңіл атлетика, шашка, шаңғы, дойбы,  тоғызқұмалақ, теннис. 

2022-2023 оқу жылы бойынша оқушылардың жалпы үйірмелермен қамтылуы  92%-ды құрап тұр. Оның ішінде мектепішілік үйірмелерге – 1578, мектептен тыс үйірмелерге – 1907 бала қатысты.  

            Себебі көптеген оқушылар бірнеше үйірмелерге қатысатындықтан қатысым жоғары деңгейді көрсетіп отыр. Жалпы үйірмеге тартылмай отырған бала жоқ.

            Оқу жылының басында үйірме жұмыстарының кестесі құрылып, қосымша білім беру сағаттары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. I және II жартыжылдықтар бойынша есеп беру апталықтары өткізіліп, шығармашылық бағыт бойынша концерттер қойылды. 

Барлық үйірме жетекшілері кәсіби білікті мамандар. Осы оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыстанды. Тілдік бағыт бойынша ағылшын тілі үйірмесі жетекшілері А.М.Курмангазина, Г.А.Айжанова, Д.А.Адилгереева; спорттық бағыт, оның ішінде шахмат үйірмесі жетекшісі Б.К.Бұзаубаев, Н.Жұматов, бокс үйірмесі жетекшісі Б.Ш.Кинадинов, волейбол үйірмесі жетекшісі Е.А.Женисов,  еркін күрес үйірмесі жетекшісі Д.Адилхан; шығармашылық бағыт бойынша хореография үйірмесі жетекшісі Ж.Г.Советова, синтезатор үйірмесі жетекшісі Д.А.Ниязова, домбыра үйірмесі жетекшісі А.Актаубаева, заманауи би үйірмесі жетекшісі Қ.Еңсепбаев, бейнелеу өнері үйірмесі жетекшісі Г.А.Хайыржанова, вокал үйірмесі жетекшілері Зейнетова Н.Ф., Табылдина Ә.Т.  сынды мұғалімдер өз жұмыстарын өте жоғары деңгейде ұйымдастырып, жақсы нәтижелер көрсетті… 

Ағылшын тілі үйірмесіне белсене қатысқан оқушылар қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанды. «Білім олимпиадасы» атты оқушылар мен  студенттерге арналған IV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан Қамбар Айерке, Бакирова Азалия, Мырзағали Батыржан, Тиссен Сунгат, Мергалиев Жанибек, Жанболатқызы Мерей, Нуриева Сания, Данияров Айсұлтан, Серік Гүлсезім, Кенжеш Амир, Аманғазы Дидар, Батыршинова Аделя, Жеңісқызы Адиля, Мадьяров Саян  I дәрежелі дипломмен, Қуантай Мадияр III дәрежелі дипломмен; «Sapsan» олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысысқан Иралина Айназ, Хайрашева Адина, Якина Ясмин, Аманғазы Дидар, Мухтарова Медина, Тиссен Сунгат, Жанболатқызы Мерей, Нуриева Сания, Данияров Айсұлтан, Серік Гүлсезім, Кенжеш Амир, Мырзагали Батыржан, Батыршинова Аделя I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері Айжанова Г.А., Курмангазина А.М.

Бейнелеу өнері үйірмесіне қатысушылар «Театр Дети», «Шуақты көктем», «Экслибрис», «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты шығармашылық байқауларға қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Верченко Эвелина, Джунусова Дария, Малик Султан, Куаныш Назар, Корнилова Лолита, Еркен Тайра, Кинжеш Алинур, Уразымбетова Адия, Турлан Алим, Куанышкалиева Малика, Куандык Томирис, Ержан Арсен, Попова Екатерина, Ислам Айкөркем   I дәрежелі дипломмен марапатталды. Үйірме жетекшісі Хайыржанова Г.А. 

9-11 сынып оқушылары арасында 7 қазан 2022 жылы қалалық «Мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша шахмат жарысынан командалық есепте 1 орынды иеленіп, облыстық жарысқа жолдама алып,  18 қазан 2022 жылы Облыстық білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Ұлттық мектеп лигасы шахмат жарысында да  1 орынға Шайхықызы Инеша, Нурлан Султанбейбарыс, Зинулла Ерғазы  ие болды. Және осы оқушылар республикалық жарысқа жолдама алып, Астана қаласында өткен жарысқа қатысып келді.

23 желтоқсан 2022 жылы «2022 жыл-Балалар жылы» аясында қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында   Амангелдиев Нурали марапатталды. Жетекшісі Кинадинов Б.

Жумагазина С. оқушылар арасында шахматтан өткен республикалық онлайн турнирде I орында иеленді. Жетекшісі Бузаубаев Б.

2022 жылдың 16-18  қараша күндері  Ақтөбе қаласы  №78 ЖОББ мектебінде  өткен жалпы орта білім беретін мектептің 7-8 класс оқушылары арасында «Мектеп лига» жарысы өтті. Волейбол  жарысына мектебімізден  10 оқушылар қатыстарылды. Олар:7б Бақытжанов Шәмші, 8в Бегенов Мансур, 8а Зинулла Нурхан, 8а Дабыл Аңсар, 8А Урынбаев Аслан, 8г Тұрабеков Исламбек, 8г Оршабай Нұржан, 8б Ануар Нұрлыбек, 8в Құлтынай Бексұлтан, 8а Абиев Алиасқар қатысты.

2022 жылдың 24-25 жетлоқсан күндері №35 мектеп базасында 5-6 класс арасында Мектеп лига жалпы орта білім беретін  мектеп оқушылары қатысты. «Үздік ойыншы 2022»  номинациясы бойынша 5-6 класс арасында  Таңатаров Абылайхан иеленді. Жетекшісі Еламан Б., Женисов Е.

2023 жылы теннис үйірмесіне қатысушылар «8-9 класс арасындағы» қалалық жарыста 2 орынды иеленіп, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың арнайы сыйлығымен оралды. Жетекшілері Раев А., Сансызбай С.

2023ж.  9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай  еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасындағы ашық қала біріншілігінде 57кг салмақ дәрежесінде  2-орын  Мұратқалиев Алииеленді. Жетекшісі Адилов Д. 

Хореография үйірмесіне қатысушылар Республикалық балалар арасындағы байқауға, «XXI ғасыр таланттары» байқауларына қатысып, жүлделі 1 орын және 2 орын  иеленді

I-орын Қонысбай Амина 4а класс оқушы «Ерке Бала» биі

II-орын Советден Амина 2а класс оқушысы «Қос Алқа» биі 

8 сәуір 2023 жылы өткен Облыстық «АҚҚУ-2023» хореографиялық би бауқауында үздік өнер көрсеткен «DIAMONDS» би ансамблінің «Ер тұран» биі  8-11 жас аралығы I дәрежелі лауреат атанса және «Джаз» биі 12-15 жас аралығында БАС ЖҮЛДЕНІ қанжығаға байлады.

31 мамыр 2023 жылы өткен «BIG STARS» Халықаралық өнер фестивалінде мектебіміздің домбыра үйірмесіне қатысушылар Бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі Актаубаева А.А.

2023 жылдың 24 мамыр күні өткен Гүлсім Юсуповаға арналған республикалық       вокалдық байқаудан жүлделі орын алған оқушылар:

ІІ орын – 5 «е» сынып оқушысы Аманғалиева Ғазиза

ІІ орын – 2 «е» сынып оқушысы Сулейменова Саида

ІІІ орын – 5 «в» сынып оқушысы Серикова Айлин

ІІІ орын – 7 «ә» сынып оқушысы Хамадинова Анель

Хор үйірмесіне қатысқан оқушылар да оқу жылы барысында бірнеше рет байқауларға қатысып, «Таланттар Әлемі-2023» халықаралық фестивальдің II дәрежелі дипломымен марапатталды.

Қосымша білім берудегі жоспарланған жұмыстар өз уақытында орындалып отырды, алдағы уақытта да келесі оқу жылына нақты жоспар құрылып, жұмыс өз жалғасын табады деген сенімдемін. Қорыта келгенде, қосымша білім беру іс-әрекетінде сезім, мінез, қабілет, қажеттілік, ойлау, дағды, өмірге және өнерге, спортқа деген қызығушылық көзқарастарды оқушы бойында қалыптастыру керек екендігі айқындалды. Қазіргі оқыту технология барысында бала үйірмеге қатысушы емес, үйренуші, шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік ой-өрісі бар жан-жақты дамыған тұлғаға айналуы қажет.