ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен “ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ” Облыстық байқау нәтижесі бойынша Рысқұлова Ақгүл Баяхметқызы I – дәрежелі Дипломмен марапатталды.

       Бұл байқау – тіл мен әдебиет саласында еңбек етіп жүрген ұстаздардың кәсіби біліктілігін, шығармашылық қабілетін және әдістемелік шеберлігін анықтайтын маңызды алаң.

     Жеңімпазды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық жолына толағай табыстар тілейміз!