«ФК БІЛІМ» – республикалық турнир жеңімпазы!
Астана қаласында 3–4 қазан күндері 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық «Qazaq Future Cup» турнирі өтті.
Турнирде «Білім» мектеп-гимназиясының «ФК БІЛІМ» командасы жоғары шеберлік пен ұйымшылдық танытып, қарсыластарының барлығынан басым түсіп, жүлделі І орынға ие болды!
Бұл – жас футболшыларымыздың тынымсыз еңбегі, табандылығы мен спортқа деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Команда мүшелері алаңда өздерінің шеберлігін көрсетіп, мектеп-гимназиямыздың абыройын республикалық деңгейде асқақтатты.
🏆 Жеңімпаз команда – «ФК БІЛІМ»!
🥇 І орын – «Білім» мектеп-гимназиясы!
Жас спортшыларымызды және жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!
Жеңіс – табандылық пен еңбектің жемісі!
Алға, «ФК БІЛІМ»! ⚽🏆






⠀