«Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»
«Білім» мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында ақпараттық алаң ұйымдастырылды.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізілді. Негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын сақтаудың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында білім алушыларға заңға құрметпен қарау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпті сақтау және әрбір әрекет үшін жауапкершілік таныту мәселелерінің маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заңға бағынатын, саналы азамат болып өсуіне ықпал етеді.
Заңды құрметтеу – тәртіпті қоғамның, тұрақты болашақтың негізі!




⠀