Байбусинова Айжан Хамитовна

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:
Байбусинова Айжан Хамитовна


ЖОББ «Білім» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі


Әдістемелік бірлестік тақырыбы:

«Оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін инновациялық цифрлық құралдар мен әдістемелерді зерттеу және енгізу»


Мақсаты:

Жаңа білім беру ортасында заманауи білім беру технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.


Міндеттері:

  1. Бастауыш сыныптарда оқытуды ҚР МЖМБС-на (ГОСО РК) сәйкес әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету;
  2. Мұғалімдердің кәсіби қызығушылығына және қажеттілігіне сай әдістемелік тақырыппен жүйелі жұмыс жүргізу;
  3. Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің тәжірибесіне оқушылардың құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған заманауи технологияларды енгізу:
    • сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы,
    • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
    • ойын технологиялары,
    • проблемалық оқыту технологиясы,
    • жоба әдісі,
    • өзіндік жұмыс әдісі;
  4. Зияткерлік қабілеті жоғары балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
  5. Озық педагогикалық тәжірибені іздеу, жинақтау, талдау және оны әртүрлі формада тарату;
  6. Мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында әдістемелік қорды ақпараттық материалдармен толықтыру;
  7. Педагогтердің өзіндік білімін жетілдіруі мен өзін-өзі дамытуын әдістемелік тұрғыдан қолдау.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық ұстанымы:

Әр бала – талантты! Бірақ әрқайсысы өзінше ерекше.
Біздің мақсатымыз – әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерін байқап, қолдап, шығармашылық арқылы өзін-өзі жетілдіруге жол ашу.

Бала – аппақ қағаз іспетті,
Сақ бол, мыжып алма тағдырын.
Жанар отын сөндірместен,
Үйрет оған өмір дағдысын.


Әдістемелік бірлестік құрамы:

  • Барлығы: 22 мұғалім
  • «Педагог-зерттеуші» – 12
  • «Педагог-сарапшы» – 4
  • «Педагог-модератор» – 6

Біз жай ғана мұғалім емеспіз. Біз – баланың және оның отбасының өміріне ең алғаш болып жол көрсететін, бағыт беретін ұстаздармыз.