Койшигарина Жания Рахметжановна

ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ( орыс сыныптары)
әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Койшигарина Жания Рахметжановна
Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:
- Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың сөйлеу тілін тиімді әдіс –тәсілдер арқылы дамыту.
Мақсаты:
– Әр оқушы өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыруына, қарым-қатынасының нығаюына, оқушының білім алуына қолайлы жағдай туғызу;
– Тілге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;
– Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;
– Мұғалімдердің психологиялық – педагогикалық қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;
– Мұғалімдердің өзін – өзі жетілдіруіне баса назар аудару;
– Мектептің педагогикалық ұжымының іс – әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату)
Міндеттері:
– Орыс тілді сыныптарда тіл дамыту жұмысының әдістемесі арқылы оқыту мәселесінің ғылыми-теориясын негізін айқындау;
– Зерттеуде қолданылған әдістер нақтылығы мәліметтер мен әдебиеттерге бақылау және талдау, баяндау, сипаттау, оқушылардың тілді меңгеру дәрежесін бақылау, тексеру;
– Жүйелі және құрылымдық талдау әдісі орыс тілді сыныптардың оқушыларына ана тілімізді оқытып, үйретудің танымдық, амалдық табиғатын зерттеу.оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, білім сапасын көтеру;
– Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын мемлекеттік стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
– Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
– Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми – әдістемелік көмек көрсету;
– Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;
Күтілетін нәтиже:
· Оқушылардың білім сапасын көтеру
· Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру:
· Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінң әдістемелік бірлестігінде 18 педагог бар.
– Жоғары білімді – 16 педагог
– Арнаулы орта білімі бар – 2 педагог
– Филология ғылымдарының магистрі -3 педагог
• “Педагог-шебер” – жоқ
• “Педагог-зерттеуші”- 5 педагог
• “Педагог-сарапшы” – 1 педагог
•”Педагог-модератор”- 8 педагог
• Санаты жоқ- 4 педагог.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру-заман талабы.
Тіл-халықтың жаны, ұлтымыздың құжаты. Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдынды тұрған басты міндеттердің бірі.
«Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»:
«Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды .
Олай болса, орыс сыныптарындағы мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.