Алмаганбетова Жаннара Култаевна

Тарих әдістемелік бірлестігінің  жетекшісі
Алмаганбетова Жаннара Култаевна

ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының тарих
әдістемелік бірлестігі

Тарих әдістемелік бірлестігінің түйінді мәселесі

      «Білім беру үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, оқу құзыреттілігін қалыптастыру арқылы білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру»

Мақсаты:

  • Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.
  • Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
  • Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.
  2. Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыз ету.
  3. Оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.
  4. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
  5. Дарынды оқушылармен  жұмысты  жандандыру.
  6. Пән мұғалімдерінің сапалығын көтеру.

Тарих әдістемелік бірлестігінде 20 педагог бар.

  • Жоғары білімді -20 педагог
  • “Педагог-зерттеуші”-3 педагог
  • “Педагог-сарапшы” -5 педагог
  • “Педагог-модератор”-5 педагог
  •  Санаты жоқ-  7 педагог.

Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі елдігіміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты. Ал осы жас ұрпақтың жан-жақты білімді, халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның бақытты келешегі үшін жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың санасы, сапалы білім, салиқалы ұлағат алуына байланысты. Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтанда жас ұрпақты тәрбиелеуде бізге үлкен жауапкершілік жүктелуде.

Жаңа ғасырдың жаңаша ұстаздары өз мамандығын жанымен сүйетін, білімді де білікті мамандар. Алдына қойған мақсаты анық, ісіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын осынау ұстаздар бойынан төзімділік, өз ісіне шәкіртіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұрады. Тарих – бұл барлық ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына дарытушы пән. Тарих пәні арқылы бүкіл адам баласының басынан өткізген тіршілік тауқыметін білеміз. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби ”Тарихты білмей-қазіргі жағдайды, келешекті болжау қиын” – деп орынды пікір қалдырған. Сондықтанда тарихшы ұстаздар – жас ұрпақты тәрбиелеуде маман ғана емес, ол қоғамның саяси хабаршысы. Қазақстан – саяси даму жолында. Қазақстан 2050 бағдарламасында былай деп жазылған ”Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн”- делінген.

Тарих пәні мұғалімдерінің негізгі мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар мен рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Тарихты оқу деген Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі ой елегінен өткізіп, кеше кім едік, бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ жерлерінің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау, елестету,одан кейін фактілерді, оқиғаларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптастырған жөн. Сол тарихи жағдайларды білу, терең түсінуге жағдай жасау, яғни оқушының қабілетін дамытуды қалыптастыру оқушыларды өз бетінше ізденуге әкеліп тіреуі керек.

    Тарих пәнін оқыту арқылы ұлтымыздың өткен зарлы күндерін, қайғысы мен мұңын білгізіп, қасіретін санасымен түйсіндіріп, бүгінімен салыстыра отырып, ертеңіне нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелелеу.