Ахмет Қолқанат Тұрымжанұлы

Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ахмет Қолқанат Тұрымжанұлы
ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының дене шынықтыру
әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:
Денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды ұрпақ қалыптастыру.
Мақсаты:
1. Қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту.
3. Адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйрету.
Міндеттері:
– Білім алушылардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу процесін жоспарлау және жүзеге асыру;
– сайыс кестелері мен бағдарламаларын әзірлеу, жоспарлау және үйлестіру;
– командаларды жарыстарға ынталандыру және дайындау;
- Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінде 26 педагог бар.
- Жоғары білімді -21 педагог
- Арнаулы орта білімі бар -5 педагог
- “Педагог-зерттеуші”-3 педагог
- “Педагог-сарапшы” -2 педагог
- “Педагог-модератор”-8 педагог
- Санаты жоқ- 13 педагог.
Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын нығайтатын, қимыл-әрекетін әдемілендіретін, кеңістікте дұрыс, үйлесімді қозғалуға үйрететін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізетін – дене тәрбиесі. Адам мәдениеттің барлық салаларын қолдан жасаса, оның денесіне, ағзасына әсер етіп, оны осы салаларды өркендетуіне мүмкіншілік, қуат, күш, денсаулық беріп отырған дене тәрбиесі болып табылады.
Дене тәрбиесі – адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы.Осы жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ұстаздың жеке басының рөлі ерекше, Бұл туралы кезінде орыстың атақты педагогы К. Д. Ушинский: «Сөз жоқ, көп нәрсе оқу орындарындағы жалпы тәртіпке байланысты, бірақ ең негізгісі тәрбиеленушімен тікелей қарым – қатынаста болатын тәрбиешінің жеке басының жас жанға ықпал етуі оқулықпен де, моральдық ақыл айтумен де жазалау және мадақтау жүйелерімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелеуші күш болып табылады» – деген болатын. Бұл айтылғандар дене тәрбиесі жетекшілеріне де түгелдей қатысты.