Оралбаева Гаухар Амангельдиевна

Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Оралбаева Гаухар Амангельдиевна ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының жаратылыстану әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:
«Функционалдық сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары”.
Мақсаты:
- білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
- шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;
- жеке тұлғаны ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;
- үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру;
Міндеттері:
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, құндылықтарды анықтау;
- мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс – әрекетке бейімдеуге үйрету;
- мұғалімдердің өзін – өзі жетілдіруіне баса назар аудару;
- сабақта АКТ мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін арттыру;
- мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтап, авторлық бағдарлама жасауға бағыттау;
- пәндік олимпиадаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;
- жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру
- үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінде 24 педагог бар.
- Жоғары білімді -24 педагог
- Арнаулы орта білімі бар -0 педагог
- “Педагог-шебер” -0 педагог
- “Педагог-зерттеуші”-9 педагог
- “Педагог-сарапшы” -1 педагог
- “Педагог-модератор”-10 педагог
- Санаты жоқ- 4 педагог.