Мырзагалиева Сандигүл Сандиғалиевна

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:
Мырзагалиева Сандигүл Сандиғалиевна
Педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі
Еңбек өтілі: 25 жыл


Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

«Тіл білу — даналыққа апарар жол»
(Роджер Бэкон)


Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы:

Білім сапасын тиімді арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің формалары мен әдістерін жетілдіру.


Мақсаты:

Ағылшын тілі мұғалімдерінің педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіру және пәндік әрі әдістемелік құзыреттілігін арттыру.


Міндеттері:

  1. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру.
  2. Оқушылардың шетел тілдерін үйрену барысында интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға жағдай жасау.
  3. Мұғалімдерді кәсіби шеберлігін арттыруға, соның ішінде кәсіби байқаулар мен семинарларға, конференцияларға қатысуға бағыттау.

Әдістемелік жұмыс түрлері:

  1. Біртұтас әдістемелік тақырып аясында ұжымдық жұмыс;
  2. Жеке әдістемелік тақырыппен жұмыс;
  3. Пәндер бойынша бірыңғай әдістемелік күндер өткізу;
  4. Бағдарламалар мен авторлық әдістемелік әзірлемелер банкін құру;
  5. Инновациялық жұмыс;
  6. Педагогикалық кеңес отырыстары;
  7. Семинарлар;
  8. Мастер-кластар;
  9. Вебинарлар;
  10. Іскерлік ойындар;
  11. Әдістемелік марафондар;
  12. Пәндік және әдістемелік кабинеттерде жұмыс;
  13. Пәндік олимпиадалар;
  14. Ғылыми-практикалық конференциялар;
  15. Педагогикалық мониторинг жүргізу.

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

  • Барлығы — 17 мұғалім
  • Жоғары білімі бар — 17
  • Арнайы орта білімі бар — 0
  • «Педагог-зерттеуші» — 3
  • «Педагог-сарапшы» — 2
  • «Педагог-модератор» — 4
  • Санаты жоқ — 8