Құрметті әріптестер, қадірлі ұстаздар!💐💐💐

📚Сіздерді кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

📚Ұстаз — мәңгілік мамандық. Өмір жолындағы ең игі, ең құрметті істің бірі – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру.
Сіздер тек білім беріп қана қоймай, жүрек жылуын, мейірім мен парасатты да қатар сіңіріп келесіздер.
📚Ұжымымызда өз ісіне адал, жауапты, шығармашыл, бір-бірін қолдайтын ұлағатты ұстаздар қызмет етеді. Бұл – үлкен мәртебе әрі мақтаныш!
📚Осы ұлағатты мереке күні баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз.
📚Еңбегіміз жана берсін, шәкірттеріміз биіктен көріне берсін!
📚Ұстаздар күні құтты болсын!