Мектебім – мейірім мекені!

“Білім” мектеп-гимназиясында Білім күніне арналған “Мектебім – мейірім мекені!” тақырыбында бірінші сынып оқушыларына арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында оқушылар мен ата-аналарға жылы лебіздер айтылып, алғашқы қоңырау үні мектеп өмірінің жаңа беттерін ашты.
Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерге жаңа бастамаларда сәттілік, қызықты оқу жылы мен жақсы жетістіктер тілейміз!
Білім мен тәрбиенің алтын ұясы – мектебіміз әр оқушы үшін мейірім мен шабыт мекеніне айналсын!




