САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ – САЛАУАТТЫ ҰЛТ

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күніне орай мектебімізде “Салауатты отбасы – салауатты ұлт” тақырыбында 5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында көңілді де тартысты спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, денсаулықты нығайту, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Спорттық жарыс барысында қатысушылар түрлі эстафеталық ойындар мен қызықты жаттығулар арқылы өз шеберліктерін, бірлік пен ұйымшылдықты көрсетті.
Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, барлық отбасыларға ізгі тілектер айтылды.
Осындай шаралар оқушылар мен ата-аналардың қарым-қатынасын нығайтып, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты арттыра түседі.




