🧠 Психологиялық тренинг «Өміріңе алғыс айтып, риза бол!»

Мектепте тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық интеллектіні дамыту бағдарламасы аясында «Өміріңе алғыс айтып, риза бол!» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – қатысушылардың саналы ойлау мен шүкіршілік ету дағдыларын қалыптастыру, өмірдің әр сәтін бағалауға, күнделікті өмірдегі жақсы жақтарды көруге және қуаныш табуға үйрету болды.
Шара барысында қатысушылар түрлі жаттығулар орындап, өз ойларымен және сезімдерімен бөлісті, жақсылыққа назар аударуға, ризашылық білдіруге және қуаныш сезімін жеткізуге дағдыланды.
Сонымен қатар, тренинг өмірге деген позитивті көзқарасты қалыптастыру арқылы күйзеліс пен мазасыздық деңгейін төмендетуге, эмоционалды көңіл-күйді жақсартуға және жағымды психологиялық ахуал орнатуға бағытталды.