«Отбасы – жанның емі, мектеп – қоғам демі»

2025 жылдың 18 ақпан күні «Білім» мектеп-гимназиясы базасында Ақтөбе қаласының педагог-психологтарына арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың тақырыбы – «Отбасы – жанның емі, мектеп – қоғам демі».

Іс-шараның мақсаты – мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру, отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланыс мәселелерін талқылау, балалар мен ата-аналарға психологиялық қолдаудың тиімді әдістерін іздеу.

Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарына қатысты, топтық талқылаулар өткізіп, отбасы мен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды.
Шара жылы, кәсіби атмосферада, ашық диалог пен өзара қолдау рухында өтті.