Мен және менің болашағым

Наурыз айында 11-сынып оқушыларына «Мен және менің болашағым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Мақсаты:
Оқушылардың мамандық таңдау, мемлекеттік емтихан мен ҰБТ алдындағы қобалжу мен мазасыздықты азайту, сенімділікті арттыру, өз болашағына саналы көзқарас қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету әдістерін меңгерту, кәсіби бағдар беру, болашаққа мақсат қою мен жоспарлау дағдыларын дамыту.

Тренинг барысында түрлі жаттығулар, рөлдік ойындар мен рефлексия элементтері қолданылып, оқушылардың өз-өзін тануына, ішкі әлеуетін ашуға және өмірлік құндылықтарын анықтауға мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ, педагог-психолог әріптестермен тәжірибе алмасып, кәсіби бағдар мен жобалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бойынша практикалық кеңестер ұсынды.

Қорытынды нәтижелер:
• Оқушылардың 95%-ы тестілеуге деген сенімділігінің артқанын және қобалжу деңгейінің төмендегенін атап өтті;
• Қатысушылар арасында өзара қолдау, сенім мен ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты;
• Тренинг оқушылардың мотивациясын арттырып, болашаққа деген оң көзқарасын нығайтты.