«Бірлік! Достық! Балалық шақ!» атты есеп беру концерті

Мамыр айында үйірме жұмыстарының II жарты жылдығын қорытындылау мақсатында «Бірлік! Достық! Балалық шақ!» атты шығармашылық есеп беру концерті өткізілді. Бұл кеш — жыл бойы жүргізілген үйірме жұмыстарының қорытындысы мен оқушылардың өнер мен мәдениет саласындағы жетістіктерінің жарқын көрінісі болды. Концерт барысында оқушылар ән шырқап, би билеп, көркемсөз оқып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін паш етті. Олар өз өнерлері арқылы достық пен ынтымақтың, бейбіт өмір мен бірліктің қадір-қасиетін жүректен жеткізді. Мерекелік шара көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жылы эмоция мен қуанышқа толы сәттерге ұласты. Бұл кеш — оқушылардың еңбегі мен ұстаздардың шығармашылық ізденісінің, бірлескен жұмыстың жемісі.



