Мектеп оқушылары еркін күрестен жеңімпаз атанды

Қазан айының 26–27 күндері аралығында Ақтөбе қаласында еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында клубаралық біріншілік өтті. Бұл жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды дода болды.
Біріншілікке қатысқан біздің мектептің оқушылары жоғары дайындық пен табандылық танытып, үздік нәтиже көрсетті. Олар қарсыластарының арасынан суырылып шығып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Оқушылардың бұл жетістігі – жаттықтырушыларының еңбегі мен шәкірттердің тынымсыз жаттығуларының жемісі. Жас балуандарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа табыстар мен спорттық биіктерді бағындыруларына тілектеспіз!


