Мектеп оқушылары бокстан жүлделі орындарға ие болды

Тараз қаласындағы «Нұржан» бокс клубында 2009–2018 жылдары туған жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан өткен жарыс өз мәресіне жетті. Бұл дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибесін арттыруға бағытталған маңызды спорттық іс-шара болды.

Жарысқа қатысқан біздің мектептің оқушылары жоғары дайындық пен табандылық танытып, өздерінің шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде олар қарсыластарын сенімді жеңіп, жүлделі I және II орындарды иеленді.

Бұл жетістік – жас боксшылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушыларының үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық биіктерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғауларына тілектеспіз!