“BILIMSTARS” би тобы республикалық фестивальде жүлделі орындарға ие болды

Ақтөбе қаласында өткен Республикалық көпжанрлы конкурс-фестивалі “AQTOBE DARYN FESTIVAL” байқауында мектебіміздің “BILIMSTARS” би тобы өнер көрсетіп, жоғары шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға ие болды.

Жетекшісі – Советова Ж.Ғ.

Топ мүшелері түрлі жанрдағы билерді жоғары деңгейде орындап, көрермен мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді.
Фестиваль нәтижесінде “BILIMSTARS” би тобы келесі жетістіктерге жетті:

  1. «Қара жорға» – Гран При 🏆
  2. «Ер Тұран – Дала рухы» – Гран При 🏆
  3. «Мир без войны» – I дәрежелі лауреат
  4. «Восточные жасминки» – II дәрежелі лауреат
  5. «Ча-ча-ча» – II дәрежелі лауреат
  6. «Стайл» – II дәрежелі лауреат
  7. «Паучки» – II дәрежелі лауреат

Бұл жетістік – жетекші мен оқушылардың еңбегінің, шығармашылық ізденіс пен табандылықтың айқын көрінісі.
“BILIMSTARS” би тобын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!