“Алау” домбырашылар ансамблі халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

Шымкент қаласында өткен “Бала шабыты” халықаралық конкурс жобасы аясындағы “Азия патшалары” дарынды балалар мен жастарға арналған өнер байқауында мектебіміздің “Алау” домбырашылар ансамблі өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл дода — өнерлі өрендердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталған маңызды халықаралық жоба болды.
“Алау” ансамблінің орындауындағы ұлттық күйлер көрермендер мен қазылар алқасының зор ықыласына бөленіп, ерекше әсер қалдырды.
Бұл жеңіс — оқушылардың еңбегі мен жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің, бірлескен еңбектің жемісі.
Ансамбль мүшелерін және жетекшісін осы зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға шығармашылық шабыт, жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

