«Білім» мектеп-гимназиясында 9 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен 3 «К» сыныптың бастауыш оқушыларына арналған қызықты кітап оқу шарасы өтті.

«Білім» мектеп-гимназиясында 9 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен 3 «К» сыныптың бастауыш оқушыларына арналған қызықты кітап оқу шарасы өтті.
Іс-шара «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел» жобасы аясында ұйымдастырылып, оның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және бастауыш сынып оқушыларын кітап әлеміне баулу болды.
Жоғары сынып оқушылары өздерінің сүйікті шығармаларынан үзінділерді әсерлі түрде оқып беріп, кітап оқудың маңызы туралы айтып, өздерінің кітапқа деген сүйіспеншіліктерімен бөлісті.
Кішкентай оқырмандар үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойып, кітапханаға жиі баруға ниет білдірді.
Мұндай кездесулер оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға, буындар арасындағы байланысты нығайтуға және кітапқа деген оң көзқарасты қалыптастыруға үлкен үлес қосады.