“Білім” мектеп-гимназиясында педагогикалық кеңес өтті
“Білім” мектеп-гимназиясында III тоқсанның қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1️⃣ ІІІ тоқсан бойынша оқушылар қозғалысы мен білім сапасына салыстырмалы сараптама қорытындысы туралы.
2️⃣ Оқушылардың қосымша біліммен қамтылуы, мектептегі үйірме сағаттарының жүргізілуі туралы.
3️⃣ Мектеп психологтары мен логопедтің ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізген жұмыстары туралы.
4️⃣ “Тәлімгер мен жас маман жұмысы” тақырыбында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу.
5️⃣ Орта білім беру ұйымдарында 9 және 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы ережемен таныстыру,
мектеп бітіруші 11-сыныптың үздік оқушыларын “Алтын белгі” және “Үздік аттестат” алуға,
ал 9-сыныптың үздік оқушыларын “Үздік куәлік” алуға ұсыну туралы.
6️⃣ Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы.




⠀