Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары
29 тамыз 2025 ж. ЖОББ «Білім» мектеп-гимназиясында «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында жаңа 2025–2026 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті.
Педагогикалық кеңес барысында күн тәртібінде қойылған барлық мәселелер қаралып, ұстаздар жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен танысып, оқу-тәрбие процесін жетілдіру жолдарын талқылады. Мектеп басшысы жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, 2025-2026 оқу жылына жаңа міндеттер мен тапсырмалар берді. Жаңа оқу жылында ұжымға шығармашылық табыс, білім саласында жаңа жетістіктер тілейміз!




⠀