А Л Ғ Ы С А Й Т У К Ү Н І

Бұл күн еліміздің ынтымақтастығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі. 1-наурыз Қазақстанда алғыс айту күні деп жарияланды. Бұл мереке 2016 жылдан бастап атап өтіліп келе жатыр. Мектебімізде түрлі ұлт өкілдері білім алуда. Кейбір оқушыларымыз өзге тілдерді қызыға оқып еркін меңгерген. Осы оқушыларымыздың қатысуымен әр түрлі ұлттар атынан көпшілікке арнайы құттықтау видеосы жолданды.



