АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, КОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП

«Білім» мектеп-гимназиясында «АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, КОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында өткен жиналыста мектеп пен ата-аналар комитетінің, бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары, мектептің ішкі тәртіп ережесі, ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы мәселелер қозғалды. Білім алушыларды қосымша біліммен қамту мақсатында үйірмелер көрмесі ұйымдастырылды.