Айтжанова Гульмира Спановна

Қазақ тілі мен әдебиеті Т1 пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Айтжанова Гульмира Спановна

ЖОББ «Білім» мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті Т1 бірлестігі

Бірлестіктің  әдістемелік мәселесі:

 Білім беру үдерісінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында белсенді әдістерді меңгере отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру, өздігінен білім алуға үйрету

Мақсаты:    

   Заманауи білім беру технологияларының  элементтерін  қолдану  арқылы оқушылардың  ауызша  және  жазбаша тіл  мәдениетін  жетілдіру, дамыту, сауатты  ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Оқушыларға сапалы білім беру;

Республика, облыс, қала көлеміндегі озық  педагогикалық тәжірибені оқып  үйрену;

-Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай туғызу;

-Қабілеті жоғары балалармен жұмыс істеу;

-Бірлестіктегі  озық педагогикалық  тәжірибені  зерттеу, жинақтау, тарату

-Жаңа оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану;

-Оқушылардың  дәптерінің  талапқа  сай  болуын  қадағалау;

-Нормативтік  құжаттарды  оқу, жүзеге асыру;

  -Пән  бойынша әдістемелік  жұмыстарды  ұйымдастыру.

Бірлестік құрамы:13 мұғалім

1.Педагог-зерттеуші-4

2.Педагог-сарапшы-1

3.Педагог-модератор-6

4.Педагог-2

Бірлестіктегі барлық мұғалімдер жоғары білімді.