Аюпова Айслу Рамазановна

Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Аюпова Айслу Рамазановна
ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының жаратылыстану
әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:
«Функционалдық сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары”.
Мақсаты:
- білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
- шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;
- жеке тұлғаны ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;
- үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру;
Міндеттері:
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, құндылықтарды анықтау;
- мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс – әрекетке бейімдеуге үйрету;
- мұғалімдердің өзін – өзі жетілдіруіне баса назар аудару;
- сабақта АКТ мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін арттыру;
- мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтап, авторлық бағдарлама жасауға бағыттау;
- пәндік олимпиадаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;
- жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру
- үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінде 20 педагог бар.
- Жоғары білімді -20 педагог
- Арнаулы орта білімі бар -0 педагог
- “Педагог-шебер” -0 педагог
- “Педагог-зерттеуші”-3 педагог
- “Педагог-сарапшы” -2 педагог
- “Педагог-модератор”-4 педагог
- Санаты жоқ- 11 педагог.
Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда шәкірттеріміздің биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше, БІЗДЕР, ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармаймыз! Осы орайда бастауыш сынып бірлестігінде бүгінгі ұрпақтың бойына сапалы біліммен қатар адами жақсы қасиеттерді дарыту жолында қаншама ұстаздарымыз абыройлы еңбек етіп келеді.
Мұғалім– ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, тәлім мен тәрбие беруші бала көңілді, кең пейілді кемеңгер баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Мұғалімінің еңбегін өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі ол еңбектің жемісі – адам. Әрбір шәкіртінің “адам” болып қалыптасуына, қайталанбас тұлға болуына ықпал етуде барын жұмсайды, еңбектенеді.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын ШӘКІРТТЕРІМІЗДІҢ ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру- ҰСТАЗДАР үшін үлкен бақыт!