БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Оқушылар мектепішілік шаралар ғана емес, қалалық, облыстық байқауларда да бақтарын сынады. «Геолог» МҮ жанынан құрылған «Шолпы» қыз балалар клубы мен Облыстық «Шолпы» қыз балалар клубының бірлесіп ұйымдастырған облыстық «Бұрымды Ару» байқауына мектебіміздің 8-сынып оқушылары Мұхамбет Айғаным мен Зайнулла Асылжан қатысып жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Нәтижесінде байқауда бақ сынасқан 11 арудың ішінен Мұхамбет Айғаным жүлделі 3-орынды иеленсе, Зайнулла Асылжан «Ұлттық нақыштағы заманауй киім үлгісі» номинациясымен марапатталды.

Байқауға бағыт-бағдар беріп, жетекшілік етіп, қолдау көрсеткені үшін aға-тәлімгер Алтынбекқызы Нұрбақытқа «Геолог» МҮ директорының атынан «Алғыс хат» табысталды.