Байбусинова Айжан Хамитовна

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:
Байбусинова Айжан Хамитовна
ЖОББ «Білім» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік бірлестік тақырыбы:
«Оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін инновациялық цифрлық құралдар мен әдістемелерді зерттеу және енгізу»
Мақсаты:
Жаңа білім беру ортасында заманауи білім беру технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда оқытуды ҚР МЖМБС-на (ГОСО РК) сәйкес әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің кәсіби қызығушылығына және қажеттілігіне сай әдістемелік тақырыппен жүйелі жұмыс жүргізу;
- Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің тәжірибесіне оқушылардың құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған заманауи технологияларды енгізу:
- сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы,
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
- ойын технологиялары,
- проблемалық оқыту технологиясы,
- жоба әдісі,
- өзіндік жұмыс әдісі;
- Зияткерлік қабілеті жоғары балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Озық педагогикалық тәжірибені іздеу, жинақтау, талдау және оны әртүрлі формада тарату;
- Мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында әдістемелік қорды ақпараттық материалдармен толықтыру;
- Педагогтердің өзіндік білімін жетілдіруі мен өзін-өзі дамытуын әдістемелік тұрғыдан қолдау.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық ұстанымы:
Әр бала – талантты! Бірақ әрқайсысы өзінше ерекше.
Біздің мақсатымыз – әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерін байқап, қолдап, шығармашылық арқылы өзін-өзі жетілдіруге жол ашу.
Бала – аппақ қағаз іспетті,
Сақ бол, мыжып алма тағдырын.
Жанар отын сөндірместен,
Үйрет оған өмір дағдысын.
Әдістемелік бірлестік құрамы:
- Барлығы: 22 мұғалім
- «Педагог-зерттеуші» – 12
- «Педагог-сарапшы» – 4
- «Педагог-модератор» – 6
Біз жай ғана мұғалім емеспіз. Біз – баланың және оның отбасының өміріне ең алғаш болып жол көрсететін, бағыт беретін ұстаздармыз.