Бірлік! Достық! Балалық шақ!

Бірлік! Достық! Балалық шақ! Осындай тақырыппен 4 жылда 8 концерт ұйымдастарған, 11000 балаларды өнерге баулыған мектеп үйірмелері биылғы оқу жылын қорытындылады. 365 жетістікпен мектептің қоржысын толықтырған балалар ерекше өнер көрсетті. Бір сағаттан асқан балалар концерті көрерменге қуаныш, ата-аналарға мақтаныш сезімін сыйлады. Талантты ұл-қыздары үлкен сахнада өнер көрсетсе, нағыз бақыт осы емес пе?! Залда болған әрбір ата-ананың жүрегі қуанышқа, көз жасы бақытқа толы болды. Көрерменнің көзайымына айналған балалардың өнері үстем болып, келесі оқу жылында бұдан да ерекше кеш береріне сеніміміз мол.



