Е Р Л І К К Е Т А Ғ З Ы М

Мамыр айында «Жас Ұлан» балар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым» тақырыбында мемлекеттік қоғам қайраткері
Ә. Биекеновтің ескерткіш-мүсініне гүл шоғын қою салтанатын өтті.
Шараға мектебіміздің аға тәлімгері Н.Алтынбекқызы және мектеп президенті мен оқу министрі қатысып, батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Биекенов Әбидолла Үмбетжанұлы 1911 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданының № 19 ауылында дүниеге келген. 1942-1945 жылдары ҰОС-да І Белорус майданының саяси басқармасының нұсқаушысы болды. 1946 жылы ҚазКСР Жоғарғы Сотының Төрағасы болып сайланды. Екі Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері.


Мектеп параламентімен бірге «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай мектебіміздің ер азаматтарын шын жүректен құттықтап, жылы лебіздеріміз бен арнайы сыйлықтар табыстады.








Мектебіміздің 5 сынып оқушылары «Әлия» музейіне барып, батырдың өмірі мен ерліктері туралы толыққанды мәліметтер алды.
Батырларымыздың ерліктері әрқашан жастарымызға жігер беріп, жас ұрпаққа үлгі болмақ.




9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай бастауыш сынып оқушыларының атынан құттықтау жолданды. Оқушылар ерлік, елдік туралы арнайы өлеңдерін оқып, батырларымыздың ерліктерімен бөлісті.



