Көркем еңбек – шығармашылық пен эстетикалық талғамды дамытудың құралы

06.01.2026ж., ЖОББ «Білім» мектеп-гимназиясында “Өрлеу” БАҰО АҚ Ақтөбе КДИ орталығының қолдауымен Эстетика әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері ұйымдастырған көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған “Көркем еңбек – шығармашылық пен эстетикалық талғамды дамытудың құралы” атты облыстық семинар өтті. Семинар барысында пән мұғалімдері панорамалық сабақтар, шебер-класс көрсету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамын дамытуда қандай тиімді әдіс – тәсілдерді қолданатындықтарын педагогтерге таныстыра отырып, өз іс – тәжірибелерімен бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін арттырды.