Койшигарина Жания Рахметжановна

ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ( орыс сыныптары)
әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Койшигарина Жания Рахметжановна

Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:

  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орыс сыныптарындағы  қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың сөйлеу тілін  тиімді әдіс –тәсілдер арқылы дамыту.

Мақсаты:

 –    Әр оқушы өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыруына, қарым-қатынасының нығаюына, оқушының білім алуына қолайлы жағдай туғызу;

   –  Тілге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

–  Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;

–  Мұғалімдердің психологиялық – педагогикалық қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;

– Мұғалімдердің өзін – өзі жетілдіруіне баса назар аудару;

–  Мектептің педагогикалық ұжымының іс – әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату)

    Міндеттері:                                         

– Орыс  тілді сыныптарда тіл дамыту жұмысының әдістемесі  арқылы оқыту мәселесінің ғылыми-теориясын негізін айқындау;

– Зерттеуде қолданылған әдістер нақтылығы мәліметтер мен әдебиеттерге бақылау және талдау, баяндау, сипаттау, оқушылардың тілді меңгеру дәрежесін бақылау, тексеру;

– Жүйелі және құрылымдық талдау әдісі орыс тілді сыныптардың оқушыларына ана тілімізді оқытып, үйретудің танымдық, амалдық табиғатын зерттеу.оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру,  білім сапасын көтеру;

 – Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын мемлекеттік стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

–  Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

 –  Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми – әдістемелік көмек көрсету;

– Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;

Күтілетін нәтиже:

·   Оқушылардың білім сапасын көтеру

·   Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру:

·   Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің  мәртебесін көтеру.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінң әдістемелік бірлестігінде  18 педагог бар.

– Жоғары білімді –   16    педагог

– Арнаулы орта білімі бар  –   2 педагог

– Филология ғылымдарының магистрі -3 педагог

• “Педагог-шебер” – жоқ

• “Педагог-зерттеуші”-   5 педагог

• “Педагог-сарапшы” –  1  педагог

•”Педагог-модератор”- 8  педагог

•  Санаты жоқ- 4 педагог.

      Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру-заман талабы.

     Тіл-халықтың жаны, ұлтымыздың құжаты.  Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.

     Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдынды тұрған басты міндеттердің бірі.

 «Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»:

«Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды .

 Олай болса, орыс сыныптарындағы мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.