Мамандықтар әлеміне саяхат

«Білім» мектеп-гимназиясында 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында білім алушыларға мамандық тандауға бағыт-бағдар беру мақсатында “Мамандықтар әлеміне саяхат” тақырыбында сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. 9 сыныптар арасында өткен шарада мектептің белсенді ата-анасы, қаламызға танымал табысты кәсіпкер, блогер Айдана Ахметкереева білім алушыларға мамандық, таңдауға кеңес беріп, табысты кәсіпке жету жолдарымен бөлісті.





