Мектеп оқушылары республикалық шығармашылық фестивальде жүлдегер атанды

2025 жылы өткен VII Республикалық шығармашылық өнер фестивалі “BEST STARS 2025” байқауында біздің мектептің оқушылары өздерінің ерекше дарындары мен өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Фестиваль жас таланттардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған ауқымды мәдени шара болды. Оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, түрлі жанрларда өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Бұл жетістік – оқушылардың еңбегі мен ұстаздарының шығармашылық ізденісінің, бірлескен табанды жұмыстың нәтижесі.
Жас өнерпаздарымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!