Мырзагалиева Сандигүл Сандиғалиевна

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:
Мырзагалиева Сандигүл Сандиғалиевна
Педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі
Еңбек өтілі: 25 жыл
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
«Тіл білу — даналыққа апарар жол»
(Роджер Бэкон)
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы:
Білім сапасын тиімді арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің формалары мен әдістерін жетілдіру.
Мақсаты:
Ағылшын тілі мұғалімдерінің педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіру және пәндік әрі әдістемелік құзыреттілігін арттыру.
Міндеттері:
- Жаңартылған білім мазмұны жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру.
- Оқушылардың шетел тілдерін үйрену барысында интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға жағдай жасау.
- Мұғалімдерді кәсіби шеберлігін арттыруға, соның ішінде кәсіби байқаулар мен семинарларға, конференцияларға қатысуға бағыттау.
Әдістемелік жұмыс түрлері:
- Біртұтас әдістемелік тақырып аясында ұжымдық жұмыс;
- Жеке әдістемелік тақырыппен жұмыс;
- Пәндер бойынша бірыңғай әдістемелік күндер өткізу;
- Бағдарламалар мен авторлық әдістемелік әзірлемелер банкін құру;
- Инновациялық жұмыс;
- Педагогикалық кеңес отырыстары;
- Семинарлар;
- Мастер-кластар;
- Вебинарлар;
- Іскерлік ойындар;
- Әдістемелік марафондар;
- Пәндік және әдістемелік кабинеттерде жұмыс;
- Пәндік олимпиадалар;
- Ғылыми-практикалық конференциялар;
- Педагогикалық мониторинг жүргізу.
Мұғалімдердің сапалық құрамы:
- Барлығы — 17 мұғалім
- Жоғары білімі бар — 17
- Арнайы орта білімі бар — 0
- «Педагог-зерттеуші» — 3
- «Педагог-сарапшы» — 2
- «Педагог-модератор» — 4
- Санаты жоқ — 8