Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел

“Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел” жобасын жүзеге асыру мақсатында 5-сынып оқушыларының ата-аналарынан «Оқуға құштар ата-ана – оқуға құштар бала» атты сауалнама алынды.
Сауалнаманың мақсаты – ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балаларымен бірге кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар кітап оқу арқылы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен олардың қызығушылықтары мен талап-тілектерін анықтау болып табылады.
Сауалнамаға 5-сынып оқушыларының ата-аналары белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Жиналған нәтижелер мектеп кітапханасының жұмысын жетілдіруге және ата-аналар мен балалар арасында оқу мәдениетін дамытуға бағытталатын болады.