ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан – жақты болуына арналады.

Өзін-өзі басқару ұйымы бірге бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде көңілдеріне қуаныш сыйладық.

Мектебіміздің “Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелері, 10-11 сыныптың оқушылары Ұстаздар күніне орай  “Өзін-өзі басқару күнін” ұйымдастырды. Мақсаты: Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, дербестікке, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мұғалім мамандығын насихаттау. Көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру. Барлық оқушылар белсене ат салысты.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін ерекше мереке – Республика күні. Республика күніне мектеп хореографымен бірге бірлесе отыра 5-сынып оқушыларымен «ЖАСА, ЖАЙНА, ҚАЗАҚСТАН» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.