Оралбаева Гаухар Амангельдиевна

Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің  жетекшісі Оралбаева Гаухар Амангельдиевна ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының жаратылыстану әдістемелік бірлестігі

Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:

    «Функционалдық сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары”.

Мақсаты:

  • білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
  • шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту;
  • жеке тұлғаны  ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;
  • үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру;

Міндеттері:

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, құндылықтарды анықтау;
  • мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс – әрекетке бейімдеуге үйрету;
  • мұғалімдердің өзін – өзі жетілдіруіне баса назар аудару;
  • сабақта АКТ мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін арттыру;
  • мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтап, авторлық бағдарлама жасауға бағыттау;
  • пәндік олимпиадаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;
  • жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру
  • үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;

Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінде 24 педагог бар.

  • Жоғары білімді -24 педагог
  • Арнаулы орта білімі бар  -0 педагог
  • “Педагог-шебер” -0 педагог
  • “Педагог-зерттеуші”-9 педагог
  • “Педагог-сарапшы” -1 педагог
  • “Педагог-модератор”-10 педагог
  •  Санаты жоқ- 4 педагог.