Тағаева Торғын Дуйсенбайқызы

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің  жетекшісі Тағаева Торғын Дуйсенбайқызы

ЖОББ “Білім” мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі

Әдістемелік бірлестіктің өзекті мәселесі:

    Педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырып, дамыту арқылы оқу-тәрбие үрдісінде білім  сапасын арттыру және  білім берудің жаңа нәтижелеріне қол жеткізу .

Мақсаты:

  • Қазіргі жаңа технологияларды меңгеру мен қолдану;
  • Білім мазмұнын жаңартуда құзіретті тұлғаның функционалдық сауаттылығын арттыру,нәтижеге бағытталған сапалы білім негізін қалау; 
  • Оқытудың жаңа технологияларын жетілдіре отырып ,оқушыларға сапалы білім беру;
  • Оқушылардың  алған білімдерін тереңдету ,өз бетімен шығармашыл, ізденетін тұлға қалыптастыру;
  • Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін дамыту;

Міндеттері:

  • Мұғалімдердің білім беру , педагоикалық қызметтегі заманауи ғылыми жолдар туралы ақпараттық қамтамасыздығын ұйымдастыру;
  • Мұғалімнің ғылыми-теориялық ,әдістемелік деңгейін арттыру;
  • Заманауи білім беру технологияларын меңгеру;
  • Мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім мазмұны мен оған қойылатын талаптарды ,міндетті деңгейден шығармашылық  деңгей тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық қабілеттерін , сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  •  Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде 32 педагог бар.
  • Жоғары білімді -26 педагог
  • Арнаулы орта білімі бар  -6 педагог
  • “Педагог-шебер” -1 педагог
  • “Педагог-зерттеуші”-11 педагог
  • “Педагог-сарапшы” -3 педагог
  • “Педагог-модератор”-10 педагог
  •  Санаты жоқ-  7 педагог.

      Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда шәкірттеріміздің биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

      ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше ,БІЗДЕР, ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармаймыз! Осы орайда бастауыш сынып бірлестігінде бүгінгі ұрпақтың бойына сапалы біліммен қатар адами жақсы қасиеттерді дарыту жолында қаншама ұстаздарымыз абыройлы еңбек етіп келеді.

     Бастауыш сынып мұғалімі– ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы.  Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, тәлім мен тәрбие беруші бала көңілді, кең пейілді кемеңгер баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Бастауыш сынып мұғалімінің еңбегін өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, себебі ол еңбектің жемісі – адам. Әрбір шәкіртінің “адам” болып қалыптасуына, қайталанбас тұлға болуына ықпал етуде барын жұмсайды, еңбектенеді.    

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,   

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.                                                                    

Шаршаса да осы жолдың бойында,                                                    

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

   Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан  шәкірт озып жатса, төккен тер  мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын ШӘКІРТТЕРІМІЗДІҢ  ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру- ҰСТАЗДАР  үшін үлкен бақыт!