Ж А Й Д А Р М А Н О Й Ы Н Д А Р Ы

Мектебіміздің жайдарманшылар командасы 2022-2023 оқу жылында жасақталып, облыстық «Jaidarman» ойындарында тұшымды әзілдерімен жақсы ойын көрсетіп, Республикалық ойынға жолдама алды.
Ақпан айында Астана қаласында өткен Республикалық «Jaidarman» ойындарының Маусымашар фестиваліне мектебіміздің «Аристократ» командасы қатысып, “Jaidarman Junior”жобасына жолдама алды.
Команда құрамында 10 ойыншы бар. Барлығы 9 (қазақ) сынып оқушылары. Мектеп белсенділері.







