Жанкулова Бақытжан Берікқызы

Математика, информатика, физика пәндерінің әдістемелік бірлестігі 2024-2025 оқу жылы

Математика, информатика, физика пәндері бірлестігінің түйінді мәселесі:

«Мектепте мұғалімнің кәсіби құзыреттілік, ақпараттық технологияларды меңгеру деңгейін арттыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.»

Мақсаты: 

  1. Оқушылардың жаратылыстану-математикалық сауаттылығын арттыру.
  2. Ғылыми-техникалық білімге қызығушылығын қалыптастыру және заманауи технологияларды меңгеруге бағытталған құзыреттіліктерін дамыту.
  3. Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу арқылы жаңартылған оқыту    принциптерін жүзеге асыру.
  4. Үш пәннің мазмұнын кіріктіре отырып, жобалық және зертханалық жұмыстар арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, әдістемелік тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

Міндеттері:

·  Оқу бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру:

  • Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес пәндердің оқытылуын қамтамасыз ету.
  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақтарды сапалы жүргізу.

·  Оқушылардың білім сапасын арттыру:

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту және олардың білім деңгейін үнемі бақылау.
  • Қиындықтары бар оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.

·  Логикалық, алгоритмдік және сыни ойлауды дамыту:

  • Математикалық есептерді шешу, модельдеу және программалау арқылы логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Физикалық заңдылықтарды тәжірибелік жолмен түсіндіру.

·  Инновациялық технологияларды қолдану:

  • Цифрлық ресурстар мен заманауи құралдарды (интерактивті тақта, симуляторлар, бағдарламалау ортасы т.б.) сабақта тиімді пайдалану.

·  Дарынды оқушылармен жұмыс:

  • Олимпиада, ғылыми жобалар мен конкурстарға оқушыларды дайындау.
  • Кәсіби бағдар беріп, болашақта жаратылыстану-техникалық мамандықтарға баулу.

·  Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру:

  • Ашық сабақтар, әдістемелік семинарлар, коучингтер өткізу.
  • Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру және тәжірибе алмасу.

·  Пәнаралық байланысты нығайту:

  • Математика, информатика және физика пәндерінің мазмұнын кіріктіре оқыту.
  • STEM жобаларын жүзеге асыру арқылы білімді өмірмен байланыстыру.

МИФ әдістемелік бірлестігінің құрамында барлығы 41 мұғалім.

Сапалық құрамы

«Педагог-мастер»«Педагог-зерттеуші»«Педагог-сарапшы»«Педагог-модератор»СанатсызСапа
0136121076%

Математика, информатика, физика пәндерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісі:

Жанкулова Бақытжан Берікқызы