БІЛІМ КҮНІ – БЕС ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕСТЕ

Бүгін «Білім» мектеп-гимназиясының бес жылдық мерейтойына орай 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндері алғашқы қоңырау үнін естіп, білім әлеміне қадам басты.

Салтанатты шараға мектеп құрылтайшысы Баймағамбетова Замзагүл Хамитовна және Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Сүйінтаева Гүлкасима Рамазановна қатысып, шәкірттерге ақ тілектерін арнады.

Мектеп директоры Арынзиева Айгүл Аманғазиевна ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, 1-сынып оқушыларына сәттілік тіледі.

Бес жыл ішінде білім, спорт, өнер және шығармашылық бағыттарында жетістікке жеткен үздік әрі дарынды оқушылардың еңбегі мен жеңістері атап өтілді.

Бес жыл – биік белестердің бастауы!

Жаңа оқу жылы толағай жетістіктерге толы болсын! 1-сынып оқушыларының білім жолындағы алғашқы қадамы құтты болсын!