«Білім» мектеп-гимназиясы мен «Зерделі» оқу орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін «Білім»мектеп-гимназиясы мен «Зерделі» оқу орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандумның негізгі мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың жеке қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ сапалы білім алуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.

Тараптар арасындағы ынтымақтастық білім беру саласындағы өзара тәжірибе алмасуға, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға және олардың оқу жетістіктерін жақсартуға бағытталады.

Бұл серіктестік білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың алдағы уақытта жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жол ашады деп сенеміз.

Білім жолындағы серіктестігіміз нығайып, ортақ мақсаттарымыз жаңа жетістіктерге бастасын!