МЕРЕЙЛІ ЖЕТІСТІК!

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Bilim» мектеп-гимназиясы жоғары көрсеткішке қол жеткізді!

Бұл жетістік – ұстаздар қауымының кәсіби еңбегі мен оқушылардың білімге деген ынтасының нәтижесі. Мектеп ұжымы оқу жылын толымды нәтижелермен қорытындылап, жаңа белестерге қадам басып отыр.

Әр жетістік – тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Әр нәтиже – жаңа мүмкіндіктерге бастар белес.

Мектебіміздің мерейі үстем, жетістігіміз еселене берсін!